Елімізде шығарылатын пулемет әлемде жетекші орын алады

Жарияланды
 Оны әлем елдері 40 жылдан бері пайдаланып келеді

«Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» шығаратын пулеметті әлем елдері 40 жылдан бері пайдаланып келеді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі телеграм каналында хабарлады.

«Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ (ZKMK) – НСВ 12.7 («УТЕС») ауыр пулеметін 40 жылдан астам уақыт бойы шығарып келе жатқан әлемдегі ірі қару өндірушілердің бірі.

Зауытта қорғаныс өнімдері, мұнай мен газ өндіруге, дайындауға және тасымалдауға арналған жабдықтар, металдың күрделі құрылымдары, энергетикалық және құрылыс жабдықтары және өзге де өнімдер шығарылады. 

Зауыттың негізгі өнімі – 40 жылдан бері шығарылып келе жатқан НСВ 12.7 пулеметі. «УТЕС» пулеметіне жауынгерлік тиімділікті, сенімділік пен техникалық қызмет көрсетуді жеңілдетуге бағытталған 5 мыңнан аса өзгертулер мен жетілдірулер енгізілді. Бұл  сенімді, керемет ірі калибрлі қару жасауға мүмкіндік берді, 10 мың рет атқанда 1 рет қана сәтсіздік болуы ықтимал. Осыған байланысты барлық негізгі тактикалық және техникалық параметрлер бойынша ұқсас өнімдер арасында әлемде жетекші орын алады.

Сондай-ақ оқыңыз