ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштерді қабылдау әлі жалғасуда
Жарияланды
125 000 астам талапкер тестілеуге қатысуға өтініш білдірген
Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін өтініштер 10 мамырға дейін ent2020.testcenter.kz сайтында онлайн қабылданады. Интернеті жоқ жерлерде тұратын тұрғындар үшін өтініш берудің өзге жолы қарастырылған. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетейік, 18 жасқа толмаған тұлғалардың дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімді олардың заңды өкілдері береді.
Қазіргі күні 125 000 астам талапкер тестілеуге қатысуға өтініш білдірді.
Техникалық қолдау үшін Ұлттық тестілеу орталығының 8 8000 80 71 77 нөмірі бойынша Call-center жұмыс істейді.
Cондай-ақ, info@testcenter.kz қолдау қызметі жəне ҰТО-ның əлеуметтік желідегі парақшалары арқылы хат жолдауға болады.