Індетті анықтайтын кореялық скринингтік-орталық жұмысын бастады

Жарияланды
 Бұл көліктен шығуды қажет етпейтін қауіпсіз жүйе 

Алматыда COVID-19 вирусын анықтайтын кореялық мобильді скринингтік-орталық жұмысын бастады. Бұл туралы Алматы әкімдігінің телеграм каналы хабарлады.

Оңтүстік кореялық МPK Clinic медициналық ұйымының Covid-19-ға қарсы орталығының ашылуы Жеңіс күнінің 75 жылдығына арналды.

Өндірушілер тестілеу жүйесінің аз уақыттың ішінде барынша көп адамды скринингтен өткізуге мүмкіндік беретінін, ең бастысы – көліктен шығуды қажет етпейтін қауіпсіз жүйе екенін атап өтті.

 «Алғашқы мобильді скринингтік орталық Оңтүстік Кореяда іске қосылды. Бүгінде бұл тәжірибе АҚШ-та кеңінен қолданылуда. Алматы қаласы да аталған тестілеу жүйесін алғашқылардың бірі болып енгізіп отыр. ДДҰ-мен ұсынылған мобильді скринингтік әдіс ең қауіпсіз саналады», – деп мәлімдеді MPK құрылтайшыларының бірі, профессор Мин Хисук.

Мобильді орталықта күніне 100-ден астам тест жүргізуге мүмкіндік бар. Ұялы телефон қосымшасы арқылы алдын-ала тіркелген жағдайда бір адамды тестілеуге шамамен 3-5 минут қажет. Бұл дәстүрлі скринигке шығындалатын уақыттан үш есе кем көрсеткіш. Жұмыс легінің ұйымдастырылуына байланысты жұмысқа шамамен төрт адамнан сегіз адамға дейін жұмылдырылады. Қызмет ақылы түрде өтеді.

Мобильді орталықтың жұмыс істеу кезеңдері төмендегі сызбаға сәйкес жүргізіледі: кіру — тіркелу — тексеру — үлгіні алу — нұсқаулық — шығу. Тестіленуші кіргеннен кейін жеке ақпарат, эпидемиялогиялық факторлар мен қосалқы симптомдардан тұратын сауалнаманы толтырады. Кабинада дене қызуы контактісіз термометр көмегімен өлшенеді. Осы кезеңде COVID-19 вирусына күдікті болған жағдайда тестіленуші мамандандырылған ауруханаға ауыстырылады.

«Аталған мобильді пунктте үш ауысымда 18 адам жұмыс істейді. Біз 25 мың реагент әкелдік. Оның 15 мыңы қолданылды. Жақын арада тағы 50 мың реагент әкелуді жоспарлап отырмыз. Қосымша мамандардың да келуі күтілуде», – деп толықтырды сөзін Seegene Clinical Laboratories директоры Ким Де Енг.

Мобильді тест алудың бұл түрі COVID-19 вирусына скрининг жасауда қауіпсіз және тиімді болып саналады.
 

Сондай-ақ оқыңыз