Ел Президентінің тапсырмасы бойынша барлық оқу орындары қашықтан білім беру режимінде жұмыс істеуді жалғастырады. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.
«Бұл мәселе шешілді, оқытушылардың оқушылармен, студенттермен және ата-аналармен жұмыс істеу алгоритмі әзірленді. Кейбір мәселелер бар, бірақ олар өзара іс-қимыл барысында шешіледі. Қазіргі заманғы оқыту әдістерін игеруді одан әрі жалғастырамыз», – деп хабарлады Вице-премьер Ералы Тоғжанов.