Инвестиция

Қазақстанның орнықтылық қорының облигациялары биржаның негізгі алаңына ауыстырылды

Биржада орналастырылған қор облигацияларының жалпы сомасы шамамен 400 млрд теңгені құрайды

Қазақстан қор биржасының шешімімен «7-20-25» тұрғын үй ипотекалық бағдарламасының операторы – Қазақстанның орнықтылық қорынының облигациялары KASE ресми тізімінің «Балама» алаңынан «Негізгі» алаңына ауыстырылды.

Бұл қор облигацияларының биржалық қаражат тарту бойынша оң тәжірибесі бар ірі және орнықты қаржы компаниялардың алаңдарына енгізілгенін білдіреді. Компанияларды тізімнен тізімге ауыстыру компанияның және оның бағалы қағаздарының ресми тізімнің өлшемшарттарына сәйкестігін қадағалап отыратын KASE тәуелсіз шешімінің негізінде жүргізіледі.

Биржада орналастырылған қор облигацияларының жалпы сомасы шамамен 400 млрд теңгені құрайды. Тартылатын қаражатты компания «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасын қаржыландыруға жұмсауда.

Облигацияларының шығарылымдары бойынша төлемдер бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. Мәселен, ағымдағы жылғы сәуір айының басында қор 108,5 млрд теңге сомасына өз облигациялары бойыша төлем жүргізді. Оның ішінде купондық сыйақы мөлшері 8,5 млрд теңгені құрады.