Ұстаздарға міндетті құжаттар тізімі бекітілді
Жарияланды
Жас мұғалімнің тәлімгеріне 17000 теңге үстемақы төленеді
ҚР Білім және білім министірлігі мұғалімдер толтыруға міндетті құжаттар тізімін бекітті. Бұл туралы ҚР Білім және білім министірлігінің телеграм каналында хабарлады.
Мұғалімі
Күнделікті сынып журналы және сабақ жоспарын толтырады. Сондай-ақ, оқу жылының басында күнтізбелік-тақырыптық жоспарды дайындайды және әр тоқсан соңында критериалдық бағалау бойынша құжаттарды толтырады.
Сынып жетекшісі
Оқу жылының басында тәрбие жұмысының жоспарын жасайды, өткізілген ата-аналар жиналысы бойынша электрондық форматта хаттама толтырады, оқушылардың табельдерін толтырады және қажеттілігіне қарай олардың жеке істерін жаңартып отырады.
Жас мұғалімнің тәлімгері
Жас әріптесімен бірлесіп атқарған жұмысы бойынша әдістемелік құжат толтырады.