Мас жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті 

Жарияланды
Ол алған жарақатынан көз жұмды

Ақтөбеде бұрын көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасап, нәтижесінде жаяу жүргінші көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

 Заңнамалардың қатаңдығына қарамастан көлік құралын басқару құқығынан бұрын айырылған жүргізушілердің көлікті мас күйінде жүргізу фактілер орын алды. 

«Тойота Камри» автокөлігінің жүргізушісі Бейбітшілік даңғылы жағынан Тілеу батыр көшесі бойымен «Тұмар» қонақ үйіне қарама-қарсы келе жатып, мас күйінде бола тұра қауіп туындаған кезде жылдамдықты төмендету немесе қауіпсіз айналып өту шараларын қолданбады. Соның салдарынан жаяу жүргіншіні қағып кетті.

 Жаяу жүргінші жедел жәрдем ауруханасы реанимациялық бөліміне түсіп, алған жарақатынан қайтыс болды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 1-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 
 

Сондай-ақ оқыңыз