Қазақстан мен Германия энергия тиімділігі саласында ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министірлігінің телеграм каналы хабарлады.
Қазақстанның ГФР-дағы Елшісі Дәурен Кәріпов «Dena» компаниясы Неміс энергетика агенттігінің Атқарушы директоры Кристина Хаверкамппен кездесті.
Кездесу барысында өнеркәсіп секторындағы энергетикалық үнемдеу мен энергетикалық тиімділікті арттыру жөніндегі ынтымақтастық перспективалары, сондай-ақ қалалық және муниципалдық энергетикалық инфрақұрылым мен инновацияның тұрақты дамуына бағыталған шаралар талқыланды.