Педагогтерді кәсіби міндеттеріне кірмейтін жұмыс түрлеріне тарту немесе есеп талап ету фактілері бойынша арыз түскен жағдайда, ҚР БҒМ Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі комитеті жоспардан тыс тексеруді жүргізеді. Тексеруді ұйымға барып немесе қашықтан жүргізеді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министірлігінің телеграм каналы хабарлады.
Егер алғаш рет заң бұзушылық жасаған адам кінәсін мойындаса, Комитет және оның аумақтық органы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырмайды. Бірақ кінәлі адамға ескерту жасау туралы қаулы шығарады.
Заң бұзушылыққа қайта жол берген адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылады және әкімшілік айыппұл салынады. Оның көлемі 20-дан 120 АЕК-ке дейін.