Жаңалықтар

Жапонияда «Нұр-Сұлтан» атты сакура сұрыпы шығарылды

Бұл гүлдің ерекшелігі минус 40 градусқа дейін аязға төзімді

Жапонияда Қазақстан астанасының құрметіне жаңа «Нұр-Сұлтан» атты сакура сұрыпы шығарылды. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министірлігінің телеграм каналы хабарлады.

Хоккайдо аралында Қазақстан астанасының құрметіне «Нұр-Сұлтан» деп аталатын сакураның жаңа сұрыпы гүлдеді.

Жаңа сұрыпты Хоккайдо префектурасының Орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шығарды.
«Нұр-Сұлтан» сакурасының ерекшелігі минус 40 градусқа дейін аязға төзімділік –  бұл астанамыздың ауа-райы жағдайларына бейімделу үшін ең қажет сипаттамалардың бірі.