«е-Qurylys» жобасы құрылыс процестерінің ашықтығын және объектілер құрылысының сапасын бақылауды күшейтеді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
Құрылыс процестерінің ашықтығын және объектілер құрылысының сапасын бақылауды күшейтудегі құралдардың бірі ретінде «е-Qurylys» жобасын іске асыру көзделіп отыр.
Осы жоба арқылы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, халықты әлеуметтік қорғау, өртке қарсы, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерді және басқа да мүдделі органдарды тарта отырып, құрылыстың барлық қатысушылары үшін (Тапсырыс беруші, мердігерлік ұйым, техникалық және авторлық қадағалау) бірыңғай цифрлық алаң құру жоспарланған.
«е-Qurylys» жобасы құрылысқа қатысушыларға жүктелген міндеттемелерді электрондық цифрлық қолтаңба арқылы орындауға (қағаз құжат айналымын барынша азайту) және ақпараттық деректерді кейіннен түзету мүмкіндігінсіз сақтауға мүмкіндік береді.