Жаңалықтар

Екпелер міндетті және ерікті болып бөлінді

Мәжілісте денсаулыққа қатысты заң жобасы қаралды

Парламент Мәжілісінің 13 мамырда өткен жалпы отырысында депутаттар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Осылайша, заң Парламент Сенатының қарауына жіберілді. 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» жаңа заң жобасының мақсаты – азаматтардың денсаулығын қорғау, медициналық көмектің сапасын жақсарту, Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсартуға бағытталған құқықтық жағдайлар жасау болып табылады.

«Барлық екпелер міндетті және ерікті болып нақты бөлінеді, ал балалардың балабақшаға баруы осы ұйымдағы «ұжымдық иммунитеттің» деңгейіне қарай жүзеге асырылады деген шешім қабылданды», – деді Зауреш Аманжолова. 

Екі түзетудің біріншісі профилактикалық екпелерді жүргізу бойынша пункте «міндетті» сөзін «құқылы» деген сөзге ауыстыруға қатысты болды. Ал екінші түзету екпе жасалмаған балалардың балабақшаға баруын шектейтін норманы жоюға байланысты. Дегенмен бұл түзетулер қабылданбады.