Жаңалықтар

Ішімдік ішкен ару блок-бекетті алып тастауды талап етті

Заң бұзғаны үшін 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды

Түркістан облысының тұрғыны мас боп көлік жүргізгені үшін 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Патрульдік полиция инспекторлары Түркістан облысына енгізілген карантинге байланысты Леңгір қаласында орналасқан блок-бекетке «BMW» автокөлігі келіп тоқтайды. Жүргізуші қыз, полиция қызметкерлерінен жолдың қоршауын алып тастауды талап етеді. Құжаттарды тексеру кезінде полиция қызметкерлері жүргізуші мас болуы мүмкін деп күдіктенеді. 

Жүргізушіні облыстық наркологиялық диспансерге медициналық куәландыру үшін жеткізді. Қорытындыға сәйкес әйелдің «орта дәрежелі алкогольдік күйде» болғаны анықталды. 

Ал автокөлікті полицейлер айыптұрағына қойды. Тәртіп бұзушыға қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің екі бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Нәтижесінде, Төлеби аудандық сотының шешімімен Леңгір қаласының тұрғыны жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, оған 111 120 теңге көлемінде айыппұл салынды.