Балабақшаға қабылдау ережелеріне өзгерістер енгізілді
Балаларды балабақшаға қабылдау ережелеріне өзгерістер енгізілді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министірлігінің телеграм каналы хабарлады.
*Кезекке қою қызметін тек білім беру бөлімінің кеңсесі арқылы ғана емес, сондай-ақ өз бетімен «Азаматтарға арналған үкімет» бөлімдері немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға болады.
*Егер егіз немесе үшем балалардың бірі балабақшаға орын алса, бос орындар болған жағдайда барлық балаларға бір ұйымға бір уақытта жолдама алуға мүмкіндік берілді
*Балабақшаларға бірінші кезекте қабылдау бойынша жеңілдік санатына педагогтердің және мүгедек баласы бар отбасылардың балалары енгізілді.
*Бос орындарға арнайы санаттағы балалар қабылданғаннан кейін, үш күн өткен соң, орындар кезекте тұрған келесі бірінші 1 000 (бір мың) өтініш берушіге ашылады.