Мектепке құжаттарды қабылдау және оқушыларды бір мектептен екіншісіне ауыстыру автоматтандырылды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министірлігінің телеграм каналы хабарлады.
* Қызметтерді «Электрондық үкімет» арқылы алуға болады.
*Келесі жылдан бастап бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1-сәуір мен 1-тамыз аралығына дейін жалғасады.
Мұндай өзгерістер не үшін қажет?
*Ата-аналар мектепті алдын-ала анықтап, оқуға түсу үшін қажетті құжаттарын, оқу құралдарын жинақтап алады.
*Мектеп басшылығы сыныптарды алдын-ала толтыра алады, оқулықтардың қажетті санымен алдын ала қамтамасыз етіледі, сағаттарды бөледі, сыныптардың санына байланысты педагогтерді қабылдай алады.