Ақылы жолдар: төлем алу пункттері қалай жабдықталған

Жарияланды
Қазақстанда 4 ақылы ірі автожол бар

Қазақстанда жалпы ұзындығы 682 шақырымды құрайтын 4 ақылы жол учаскесі бар. Төлем алу пункттеріне Франция, АҚШ және Ресейде жасалған терминалдар орнатылған. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің телеграм арнасы хабарлады 

«Нұр-Сұлтан–Шучье» ақылы автожолында 2 төлем алу пункті бар. 6 GEA терминалы орнатылған. «Нұр-Сұлтан–Теміртау» тасжолының 2 пунктінде 8 IDC терминалы және «Алматы–Қапшағай» жолының 1 пунктінде 12 терминал, «Алматы–Қорғас» учаскесінің екі пунктінде 8 Штрих-М терминалы бар. 

Терминалдар ақылы жолға кіретін және шығатын учаскелерінің алдында орналасқан кіру және шығу жіктегіштерімен, сондай-ақ көлік құралының барын тіркейтін жабдықпен қамтамасыз етілген.
 

Сондай-ақ оқыңыз