Жаңалықтар

Карантин кезінде Алматының ауасы тазарған

Экология министрлігінің мәліметінше, фенол концентраты былтырмен салыстырғанда 60 есе азайған

Карантин кезінде Алматының ауа байсейнінегі атмосфералық ахуал біршама жақсарған. Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты карантин Алматы қаласында 19 наурызда енгізіліп, әлі күшін жойған жоқ. Карантин кезінде көшедегі көлік саны азайып, қоршаған ортаға шығарылатын зиянды қалдық көлемі төмендеген.  Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов мәлімдеді. 

Вице-министр Экология министрлігі күн сайын Астана мен Алматы атмосферасының сапасына мониторинг жүргізетін айтып өтті. 

«Алматы қаласы бойынша айтар болсақ, сараптау қаланың төтенгі жағында РМ2.5, РМ10 бөлшектерінің коцентрациясы жоғары екенін көрсетеді. ЖЭС-2, ЖЭС-3 қызметі салдарынан ауа  ластанып жатыр. Сонымен бірге қаланың жоғары бөлігінде атмосферадағы ауыр газдардың, атап айтқанда, азот тотығы, озот қостотығының мөлшері төмендегені байқалады. Әсіресе фенол былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 60 есе азайған» ,- деді вице министр.

Шенеуніктің айтуынша, бұл –автокөліктер шығаратын зиянды қалдықтың төмендеуінің белгісі. 

«Қазіргі кезде Алматы қаласының әкімдігімен бірлесе отырып ЖЭС-2 мен ЖЭС-3-ті газға көшіру немесе тазартқыш құралдарды орналастыру, жасыл желек отырғызу, қоғамдық көлікті газға көшіру сынды бірқатар шараларды қамтитын жол картасы дайындалып жатыр», – деді ол.

Нұр-Сұлтан қаласында да автокөлік шығаратын зиянды қалдық төмендегені байқалыпты. Дегенмен ЖЭС-1 және ЖЭС-2 сынды мекемелер шығаратын қалдық ауаны ластап жатыр. Вице-министр 2000-жылдардан бері Нұр-Сұлтан қаласында құрылыс қарқын алғалы және қаланың жасыл белдеуі кеңейгелі астананың климаты жұмсарып келе жатқанын атап өтті. Соның арқасында желдің жылдамдығы төмен күндердің қатары артып, желсіз, тынық күндердің саны 30 пайызға өскен. 

«Алайда бұл өкінішке қарай, зиянды заттардың шоғырланып, тұмшаның түзілуіне әкеп соғады», – деді Пірімқұлов. 

Оның айтуынша, елордаға газ жүргізу жағдайды біршама жақсартады, алайда оған бір жылдай уақыт қажет.