Қазақстан Ауғанстанға азық-түлік жібереді

Жарияланды
Екі елдің елшілері телефон арқылы сөйлесті

Ауғанстан тарапының бастамасы бойынша ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ауғанстан Ислам Республикасы Сыртқы істер министрі Мохаммад Ханиф Атмармен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Сыртқы Істер Министрлігінің телеграм арнасы хабарлады. 

Сұхбат барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Ауғанстан ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады.

М. Тілеуберді ауғандық әріптесіне Қазақстан Үкіметі Ауғанстанға азық-түлік түрінде гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдағаны туралы хабарлады.

М. Атмар ризашылық білдіре отырып, ауған тарапы Қазақстан Үкіметінің көрсетіп жатқан көмегін жоғары бағалайтынын атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстаннан астықты және оның өңделген өнімдерін импорттауға мүдделі екенін хабардар етті. Ауғанстанның транзиттік-көліктік және энергетикалық салалардағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ ауған азаматтары үшін Қазақстан Республикасының білім беру бағдарламасын жалғастыруға мүдделілігін білдірілді.
 

Сондай-ақ оқыңыз