Алматы әкімдігінің телеграм арнасы хабарлағандай, 14-15 мамырында жауған нөсер жауыннан болған су тасқыны салдарын жою жұмысы қызу жүргізіліп жатыр.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметі бойынша, түнде жауған жауын-шашынның мөлшері 27,6 мм-ге жетті.
Алматыдағы нөсерлі жауын кезінде су басудың алдын алу және жою мақсатында 14-15 мамыр аралығында мердігерлік ұйымдар мен аудандық әкімдік қызметкерлерінің тәулік бойғы кезекшілігі ұйымдастырылды. Жауын-шашын түспей тұрып, су басу қаупі бар проблемалық учаскелерге техника қойылды.
Өткен түнде 21 су басу жағдайы тіркелді. Оның ішінде жеке аула аумақтары – 17, көше – 2 және көппәтерлі тұрғын үйдің 1 жертөлесін, оның ішінде Алатау ауданында 6 су басу, Алмалы ауданында – 2, Әуезов ауданында – 4, Жетісу ауданында – 7, Наурызбай және Түрксіб аудандарында бір-бірден су басу фактісі тіркелді. Барлық су басу салдары жедел жойылды.
21 жағдайдың 75%-ы арық желісінің төмен өтуі, қалған жағдайлар арықтардың қатты тұрмыстық қоқыспен бітелуі салдарынан болған. Су басу кезінде 840 текше метр су сорылып, 260 қап төселді.
15 мамыр күні арық желілері мен жол астындағы өткелдерді тазалау жұмыстарын ұйымдастыруға 651 адам, 152 бірлік арнайы техника және 24 бірлік мотопомпа жұмылдырылды.