Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 18 мамырдан бастап діндарлар мен Құран оқып, неке қиып, басқа да діни іс-шараларды өткізгісі келетіндер үшін мешіттер таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін ашық болатынын айтты. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.
Алайда, мешіт ішіндегі адамдар санына белгілі-бір шектеу қойылды. Құран оқуға арналған бөлмеде 10-нан артық адам болмауы керек. Келушілер діни нысандардың ішінде 15 минуттан артық бола алмайды.
Неке қию кезінде көп дегенде 4 адам келуі тиіс. Бұл төтенше жағдай режимінің аяқталғанына қарамастан, карантиннің сақталуына байланысты қойылған шектеулер, сондай-ақ мешітке баратын адамдар медициналық маска мен қолғаптар киіп, антисептик қолданып, оған қоса намаз оқу кезінде қашықтықты сақтауы қажет.