2020 жылы өңірде автомобиль жолдары саласындағы 25 жоба аясында облыстық және аудандық жолдар, сондай-ақ елді мекендерге кіретін жолдар орташа жөндеуден өтеді. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдылық даму министрлігінің телеграм каналы хабарлады.
Атап айтқанда, «Семей-РФ шекарасы-Новопокровка-Петропавловка-Зубаир-Байтанат-РФ шекарасы», «Семей-РФ шекарасы-Воскресеновка-Петропавловка-Шелехово-Бел-Ағаш-Дмитриевка», «Шемонаиха-Усть-Таловка», «Большенарым-Күршім», «Солдатово елді мекеніне кіру жолы», «Большенарым-Күршім», «Омбы-Майқапшағай-Жарсу-Бақасу-Саржыра», «Карағанды-Аягөз-Боғас-Ырғызбай ата», «Омбы-Майқапшағай-Шілікті-Ақжар», «Таврическое-Каменка-Завидное», «Өскемен-Тарғын-Самарское», «Шемонаиха-Большая Речка», «Таскескен-Бақты-Қарабұта-Ақшоқы» жолдары жаңартылады. Бұдан бөлек, биыл 8 елді мекенге кіру жолы жөнделеді деп жоспарланған.
Сондай-ақ, өңірде республикалық автомобиль жолдары саласында: «Талдықорған-Өскемен», «Қалбатау-Майқашағай» жолдары және «Осинов асуы» сияқты ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр.
Еске сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысындағы жергілікті жолдардың жалпы ұзындығы – 8584 шақырым. Олардың 81% – жақсы және қанағаттандырарлық жағдайда.