Ресейде бір тәулікте 9 200 науқастан коронавирус анықталды
Жарияланды
Сонымен қатар, бір күнде 119 адам қайтыс болды
Ресей Федерациясының 83 өңірінде коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 9 200 адам тіркелді. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы телеграм каналында хабарлады.
Бұл елде барлығы 272 043 адам қауіпті індетті жұқтырып алған. Жазылып шыққандар саны 63 166-ға жетті.
Сонымен қатар бір тәулікте COVID-19-дан 119 адам көз жұмды, ал жалпы қайтыс болғандар саны — 2 537.
Басқа елдердегі жағдайды айта кетсек:
*Италияда 3 маусымнан бастап нақты орын шектеулерін есепке алмағанда, ел ішінде еркін қозғалуға рұқсат етіледі.
* Арменияда төтенше жағдай режимі 13 маусымға дейін ұзартылды.
*Словения ел аумағында коронавирус инфекциясы індетінің аяқталғаны туралы жариялады.