Жаңалықтар

Ақтөбе әуежайы былтыр 462 мың жолаушыға қызмет көрсетті

Әуежай Батыс Еуропаны Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азиямен байланыстырады

Ақтөбе әуежайы былтыр 462 мың жолаушыға қызмет көрсетті. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. 

Ақтөбе халықаралық әуежайы – Батыс Қазақстанның әуе қақпасы. Әуежай аумақтық және географиялық жағынан Батыс Еуропаны Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азиямен байланыстыратын ірі халықаралық аэронавигациялық трассалардың қиылысында орналасқан. 

2019 жылы әуежайда 462,7 мың жолаушыға қызмет көрсетілді.

Әуежай коммуналдық меншікте. Қызметкерлерінің саны – 468 адам.

Әуежай ел ішінде, сондай-ақ таяу және алыс шетелдерді байланыстыратын рейстерді орындайтын әуе кемелерінің барлық түрлерін қабылдап, оларға қызмет көрсетеді. 

Төтенше жағдай енгізілгенге дейін Ақтөбе қаласы әуежайынан 4 ішкі бағыт бойынша және 1 халықаралық бағыт бойынша аптасына 50 тұрақты рейс орындалды.