Қазіргі уақытта, Австрия мемлекеті алты елмен шекарасын ашқандығы туралы мәлімдеді. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы телеграм каналында хабарлады.
Австрияға коронавирусты жұқтырмағандығы туралы сертификатты ұсынбай-ақ немесе үй карантинінде отырмай-ақ кіруге болады.
Сонымен қатар, Венгриямен шекарада заңсыз көші-қонмен күреске байланысты бақылау сақталады.