Бұған дейін докторант қорғау кезеңіне дейін жету үшін 7 мақала жариялауға тиісті болатын. Бұл көрсеткішке қол жеткізу үшін докторанттар сапасы күмән тудыратын журналдарда жарияланымдар жасауға мәжбүр болды. Бұл туралы ҚР Білім және Ғылым министірлігінің телеграм каналы хабарлады.
Ғалымдардың мақалалары халықаралық базалардан алынып тасталған, түкке тұрмайтын журналдарда жарияланған кездер де болған.
Осыған байланысты бұл тәжірибені өзгерту бойынша шешім қабылданды.
Ендігі кезекте қарапайым ереже жұмыс істейтін болады:
*Сапасы төмен журналдарда 7 мақала жариялағанның орнына, жоғары квартильге кіретін басылымдарда мақалалар жарияланса жеткілікті.
*Бірінші квартиль құрамына кіретін журналдарда бір ғылыми мақала шыққан болса, өзге жарияланымдар талап етілмейді.
Бұл шара сапасыз жарияланымдардың санын азайтып, жүктемені жеңілдетеді және ғалымдарды дәйексөздері таралу бойынша жоғары деңгейдегі оригиналды ғылыми мақалалар жазуға ынталандырады.