Нұр-Сұлтанда заңды бұзған бірнеше нысан жабылды

Жарияланды
Олар құрылыс компаниялар, дүкендер мен дәмханалар

Нұр-Сұлтанда санитарлық нормаларды бұзғаны үшін құрылыс компаниялары, дүкендер мен дәмханалар жабылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі хабарлады. 

Әкімдіктің мобильді тобы полицейлермен және эпидемиологтармен бірлесіп, күнделікті санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуын бақылау бойынша рейд жүргізеді. 

Қатаң санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз етпейінше нысандар қайта ашылмайды. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін санитарлық нормаларды сақтамаған 15 нысан жабылды. Қатаң ережелер коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында қабылданды.
 

Сондай-ақ оқыңыз