20 мамырдан бастап Нұр-Сұлтанда қызметін қайта бастайтын нысандарға қойылатын талаптар аталды. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді.
Сауда бутиктеріндегі сатып алушылардың саны 5-тен аспауы тиіс.
Кем дегенде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау.
Кезекте тұрғанда, касса маңында, сауда аймағында және киім өлшеу бөлмелерінде сатып алушылар арасында кемінде 2 метр алшақтық белгілері болуы қажет.
Бассейні жоқ моншалар мен сауналар
Жұмыс кестесі 9:00-ден 18:00-ге дейін алдын ала жазылу бойынша.
Жобалық сыйымдылығының көп дегенде 30%-ына ғана қабылдау.
Қызметкерлердің келушілермен тікелей байланысын азайту.