Жаңалықтар

Бір жастағы бала терезеден құлап кетті

Ол қазір комада жатыр

Атырау облысында терезеден құлап кеткен бір жасар бала ауыр халде ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кентінде, Болашақ мөлтек ауданында орналасқан үш қабатты тұрғын үйдің 2-қабатының терезесінен 2019 жылы туған бала құлап кеткені жөнінде хабарлама келіп түсті. Құлап кеткен бала Атырау облыстық балалар ауруханасына өте ауыр жағдайда жеткізіліп, артынан 3-дәрежелі комаға түсіп кетті. Дәрігерлердің хабарлауынша, қазіргі таңда баланың жағдайы өте ауыр және тұрақты емес.

Жазатайым оқиғаның себебі кәмелетке толмаған балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырғаны болды. Осы оқиға бойынша республикалық арналарға Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы С.С. Өмірзақов түсініктеме бере отырып, барлық ата-аналарды кәмелетке толмаған балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға шақырды.

 Естеріңізге сала кетейік, биыл бұл Атырау облысындағы терезеден құлау бойынша екінші жағдай.