Қазақстанда 15 жастағы ұлдардың 10% және қыздардың 6% темекі шегіп көрген
Қазақстандағы жасөспірімдердің көбі отбасында, мұғалімдер мен құрдастары тарапынан жиі қолдау көреді. Бұл туралы ДДСҰ-ның 11-15 жастағы балалардың денсаулығына қатысты зерттеу есебінде жарияланды,-деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз-қызметі.
⠀
ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының «Жасөспірімдердің денсаулығы мен әл-ауқаты басты назарда» деген есебінде 45 елден 11, 13 және 15 жас аралығындағы 227 441 оқушының денсаулығы, әлеуметтік қатынастары және психикалық әл-ауқаты туралы ауқымды деректер жинақталған.
⠀
Есепте Қазақстанда оқушыларды өз отбасы (81%), мұғалімдер (72%) мен құрдастары (64%) үнемі қолдап отыратыны жазылған.
⠀
Есепте «Мектеп жасындағы балалардың денсаулығына қатысты мінез-құлқы» (HBSC) зерттеу нәтижелері берілген.
⠀
Зерттеу әр 4 жыл сайын жүргізіледі және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығымен жүзеге асырылды.
⠀
Қазақстандағы жастар арасында:
⠀
● Балалардың көпшілігінің (81%) психикалық денсаулығы/әл-ауқаты жақсы. Дегенмен, әрбір бесінші жасөспірімде әрі қарай диагностиканы талап ететін депрессия белгілері байқалады.
● Күн сайын жасөспірімнің 38% жеміс-жидек, ал 43% көкөніс тұтынады.
● Әрбір алтыншы жасөспірім күнде құрамында қант бар сусындар ішеді.
● 15 жастағы жасөспірімдердің ішінде ер балалардың 35% және қыздардың 27% дене қозғалысына қатысты ДДСҰ ұсыныстарын сақтайды.
● 15 жастағы ұлдардың 10% және қыздардың 6% темекі шегіп көрген.
● Жасөспірімдердің 12% кем дегенде бір рет кибершабуылға ұшыраған.