Қазақстандағы жасөспірімдердің көбі отбасында, мұғалімдер мен құрдастары тарапынан жиі қолдау көреді. Бұл туралы ДДСҰ-ның 11-15 жастағы балалардың денсаулығына қатысты зерттеу есебінде жарияланды,-деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз-қызметі.
⠀
ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының «Жасөспірімдердің денсаулығы мен әл-ауқаты басты назарда» деген есебінде 45 елден 11, 13 және 15 жас аралығындағы 227 441 оқушының денсаулығы, әлеуметтік қатынастары және психикалық әл-ауқаты туралы ауқымды деректер жинақталған.
⠀
Есепте Қазақстанда оқушыларды өз отбасы (81%), мұғалімдер (72%) мен құрдастары (64%) үнемі қолдап отыратыны жазылған.
⠀
Есепте «Мектеп жасындағы балалардың денсаулығына қатысты мінез-құлқы» (HBSC) зерттеу нәтижелері берілген.
⠀
Зерттеу әр 4 жыл сайын жүргізіледі және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығымен жүзеге асырылды.
⠀
Қазақстандағы жастар арасында:
⠀
● Балалардың көпшілігінің (81%) психикалық денсаулығы/әл-ауқаты жақсы. Дегенмен, әрбір бесінші жасөспірімде әрі қарай диагностиканы талап ететін депрессия белгілері байқалады.
● Күн сайын жасөспірімнің 38% жеміс-жидек, ал 43% көкөніс тұтынады.
● Әрбір алтыншы жасөспірім күнде құрамында қант бар сусындар ішеді.
● 15 жастағы жасөспірімдердің ішінде ер балалардың 35% және қыздардың 27% дене қозғалысына қатысты ДДСҰ ұсыныстарын сақтайды.
● 15 жастағы ұлдардың 10% және қыздардың 6% темекі шегіп көрген.
● Жасөспірімдердің 12% кем дегенде бір рет кибершабуылға ұшыраған.
Қазақстанда 15 жастағы ұлдардың 10% және қыздардың 6% темекі шегіп көрген
ДДСҰ арнайы зерттеу жүргізген
Сондай-ақ оқыңыз
-
Оқу уақыты ~ 3 мин.
Атырауда қайтыс болған отбасының ісінде жаңа деректер пайда болды
-
Оқу уақыты ~ 4 мин.
"Атымды Бауыржан Момышұлы қойған": Конституция есімді әйелдің әңгімесі
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Тоқаев Израиль мен Иранды Түркістанда келіссөздер өткізуге шақырды
-
Оқу уақыты ~ 5 мин.
Сотта Жанабыловтар қылмыс жоспарын қалай құрғаны айтылды
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Санжар Боқаев екі айға қамалды
-
Оқу уақыты ~ 7 мин.
Қазақстан банктерінің жартысына жуығын әйелдер басқарады: олар кімдер
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Қазақстанда Қожа Ахмет Ясауи атындағы жаңа орден пайда болады
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Қуандық Рахымның анасы өмірден өтті
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Президент Түркістандағы бу-газ қондырғысының құрылысын тездетуді тапсырды
-
Оқу уақыты ~ 3 мин.
Нәресте аурухана табалдырығында қайтыс болды: Басқарма түсініктеме берді
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Қазақстан көкпаршылары Әлем чемпионы болды
-
Оқу уақыты ~ 3 мин.
Ерлан Қошанов: Конституция білімді және прогрессивті қоғамға жол ашады