Шаруалар салықтан босатылды 

Жарияланды
Осы жылдың 31 желтоқсанына дейін

Биылғы республиканың 13 өңірінде (Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары) тұқым себу алдындағы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы хабарлады.

Қазіргі таңда ылғал жабу 16,3 млн га немесе жоспардың 108% (15 млн га), топырақты тұқым себу алдында өңдеу — 2,9 млн га немесе 41% (7 млн га) жүзеге асырылды.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын егу 12 облыста (Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай, Павлодар, Түркістан облыстары) қолға алынған.

Атап айтқанда, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 907 мың га немесе жоспарланған жердің 6,2%-на, майлы дақылдар – 382 мың га (12,6%), көкөніс-бақша дақылдары мен картоп – 199 мың га (44,5%), қант қызылшасы – 17,4 мың га (83,3%), мақта – 54 мың га (45,2%), көпжылдық шөптер – 170 мың га (54,7%) жерге егілді.Көктемгі-егіс жұмыстары қалыпты режимде жүргізіледі, бұл ретте осы жылдың егіс жұмыстарының қарқыны өткен жылдың қарқынынан жоғары.

Шаруаларды қолдау, салықтан босату.

Үкімет Қаулыларымен мынадай қолдау шаралары көзделген:

*2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығынан босатылды;

*Барлық салықтар бойынша 2020 жылғы 15 тамызға дейінгі мерзімге орындалмаған салық міндеттемелері бойынша өсімпұл есептеу тоқтатылды және салық есептілігін тапсыру мерзімі 2020 жылдың 3 тоқсанына ауыстырылды;

*ҚҚС есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлар тізбесіне ірі қара мал және асыл тұқымды балапандар енгізілген;

2020 жылғы 1 қазанға дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша ҚҚС мөлшерлемесі 8% көлемінде белгіленген.

Сондай-ақ барлық шағын, орта, микробизнес субъектілері үшін:

*2020 жылғы 1 маусымға дейін салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі ұзартылды;

*2020 жылғы 1 маусымға дейін салық және кеден берешегін мәжбүрлеп өндіріп алудың барлық шарасы тоқтатылды.

*Бұдан өзге, шағын және микро бизнес субъектілері үш жылға табыс салығын төлеуден босатылған.
 

Сондай-ақ оқыңыз