Жаңалықтар

22 тонна этиль спирті бар жігіт базарда ұсталып қалды

Тартып алынған әлгі спирт дәрігерлерге жеткізілді

Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері өткізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде «Барыс» құрылыс базарында 47 млн. теңге сомасына 22 тонна этил спирті бар автокөлікті ұстады,-деп хабарлайды ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің телеграм арнасы. 

Аталған факт бойынша тергеу ісі қозғалды. Тәркіленіп алынған спирт Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасына тапсырылды.