11-сынып түлектеріне аттестаттарды тапсыру және соңғы қоңырау 3-4 маусымда өтеді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министірлігі телеграм каналында хабарлады.
Мектеп бітіру іс-шараларын өткізу бойынша ұсыныстар:
*Іс-шара мектеп аумағында, ашық алаңда әр сынып үшін бөлек өткізіледі, уақыт аралығы – 20 минут;
*Түлектер рәсімге мектеп формасында қатысады;
*Әрбір түлекпен 1 немесе 2 ата-анасы қатыса алады;
*Маскалық режимді міндетті түрде қамтамасыз ету және қашықтықты сақтау керек;
Жол берілмейді:
*Мектеп немесе педагогтерге сыйлық алу үшін ақша жинау;
*Ивент-агенттіктерді, аниматорларды шақыру;
*Мерекелік дастархан жасап, аса салтанатты өткізу;
*Автокөліктерді жалға алып, қала ішінде экскурсия жасау;
*Мейрамхана, дәмхана және көңіл көтеру орындарында отырыс ұйымдастыру;