Қазақстанда өндірілген кен 119 млн. тоннаға жетті
Жарияланды
Сонымен қатар елімізде 477 мың тонна тазартылған мыс өндірілді
Мыс саласында өндірілген кен көлемі 2019 жылы 119 млн. тонна кенді құрады. Ең үлкен өндіру көлемі «KAZ Minerals» кәсіпорындарында – 94,7 млн.тонна, Қазақмыс корпорациясы – 29,4 млн. тонна және Ақтөбе Мыс компаниясы – 5,2 млн. тонна. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдылық даму министрлігінің телеграм каналы хабарлады.
Сондай-ақ, барлық өндірілетін кеннен 477 мың тонна тазартылған мыс өндірілді.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда Балқаш және Жезқазған мыс балқыту зауытында 1531 мың тонна концентрат өңделді. 2019 жылы 1080 мың тонна мыс концентраты экспортталғанын атап өту қажет.