Көлік жүргізушілері енді жеке куәлікпен-ақ жүре берулеріне болады

Жарияланды
Көлік туралы бүкіл мәлімет полицияның планшетінде болады

Енді қазақстандық жүргізушілер өзімен бірге тек жеке куәлігін алып жүрсе жеткілікті. Себебі көлік иесі туралы қалған мәліметтерді полицейлер планшеттен көре алады. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты. Бұл туралы Жаңалықтар кз телеграм арнасы жазды 

«Біз жүргізушілердің өзімен бірге құқық белгілеуші құжаттарды алып жүруге міндеттелмейтін норма енгізгіміз келеді. Жеке куәлік қана болса жеткілікті, сол құжат арқылы планшеттен көлік иесіне қатысты мәліметті, ол көлікке қанша сенімхат жазылғаны, сақтандыру құжаты қашан аяқталатыны, техникалық тексеруден қашан өткені және қанша айыппұлы бары туралы көрінеді», – деді министр Мәжіліс отырысында.

Сондай-ақ, Тұрғымбаевтың айтуынша, полицейлер қолданатын планшеттер көшелерде орнатылған видеокамераламен байланыста болады.

Министр мұндай жүйенің Еуропаның бірнеше елінде бар екенін айтады.

«Бұл тек Қазақстан аумағында іске асатын норма, басқа мемлекетке барған кезде, әрине, құқық белгілеуші құжаттар болуы керек», – деді министр.
 

Сондай-ақ оқыңыз