Жаңалықтар

Шетелдіктер біздің елде фри картоптарын өндіргісі келеді

Шетелдік инвесторлар Қазақстанға қызығушылық танытуда

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жүйелі жұмысын жалғастыруда.

Қазақстан мен Нидерландының мүдделі тарапытары нидерландтық «Farm Frites» компаниясының жобасын жүзеге асыру барысын талқылады. Инвестициялық жоба фри картоптарын өндіру бойынша интеграцияланған зауыт салуға бағытталған және 3 негізгі компонентті қамтиды: зауыттың өзін салу, шикізатты өсіру үшін фермерлік шаруашылықтың құрылысы, сондай-ақ картоптың элиталық тұқымдарын одан әрі импорт алмастыру үшін тұқымдық базаны дамыту. Жоба 140 мың тонна картоп өңдеуді және 70 мың тонна дайын өнім өндіруді, сондай-ақ 400 тұрақты жұмыс орнын ашуды көздейді. Инвестжобаны іске асыру аймағы ретінде Жамбыл облысы анықталды.