Мақтаарал ауданындағы елдімекендер толықтай судан тазартылды

Жарияланды
Тұрғындар қалыпты өмірге оралуда

Мақтаарал ауданындағы топан судан зардап шеккен елдімекендер толықтай судан тазартылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Facebook парақшасында хабарлады. 

«Мақтаарал ауданындағы су басқан елдімекендердің бәрі судан тазартылды. Онда әкімдік, Қазсушар, ТЖК, әскери қызметкерлер мен Өзбекстан Республикасы төтенше жағдай қызметкерлерінің бірге жұмыс істеуінің арқасында аз уақыт ішінде Сардоба суын арық-атыздар мен коллекторларға бұрды. Тұрғындар қалыпты өмірге оралуда», – деді Сәкен Қалқаманов.
 

Сондай-ақ оқыңыз