25 мамырдан бастап барлық әуе қатынасы қалпына келтіріледі

Жарияланды
Ұшақтарға санитарлық талап күшейтіледі

Қазақстанның барлық қалалары арасындағы әуе қатынасы 25 мамырдан бастап қалпына келтіріледі,-деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі телеграм арнасы. 

Еліміздің барлық әуежайлары жұмыс істей бастайды, ал әуе компаниялары санитарлық-карантиндік шараларды сақтай отырып, рейстер санын дербес белгілейтін болады.

Ұшақтар көліктегі бас санитарлық дәрігер белгілеген санитарлық қауіпсіздіктің жоғары шараларын сақтай отырып, яғни жеке қорғаныс құралдарын пайдаланумен, термометрия жасау, әлеуметтік қашықтықты сақтау арқылы ұшады және әуежайлар мен ұшақтарда күшейтілген зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.
 

Сондай-ақ оқыңыз