ZTB Қазақстан телеграм арнасының таратқан мәліметіне сенсек, Атырауда 20 мамырда жоғалып кеткен бір жарым жастағы кішкентай сәби екі күннен кейін өлі күйінде табылды.
20 мамырда үйдің ауласында ойнап жүрген бала анасы үйге кіріп кеткен кезде ауладан жоғалып кеткен. Сөйтсе, ол үйдің маңайындағы қазылған орға түсіп, жан тапсырыпты. Баланың тұрып жатқан жерінде біреуі ескі енді бірі жаңадан қазылған ор бар екен. Баланы 200 ден астам еріктілер тобы іздестірді. 22 мамыр күні олар ордан баланың жансыз денесін алып шықты. Қазір сот сараптамалық тексеру жұмысы жүргізіліп жатыр.