«The Washington Time» Қазақстандағы коронавирусқа қарсы күрес шараларын жоғары бағалап, оны Орта Азияға үлгі болатын антипандемиялық модель деп таныды. Бұл туралы «The Washington Time» сайтында хабарланды.
Елімізде COVID-19 алдын алу мен қиын кезде медицина қызметкерлерін қаржылай қолдауға ерекше көңіл бөлді.
⠀
Жаңа коронавирус бүкіл әлемге тарап, қауіпті індеттің Қазақстанды да айналып өтпегенін жұрт жақсы біледі. Бұл жағдай жалпы адамзатқа аса ауыр тиді. Азаматтар тұрақты табысы мен жұмысынан уақытша айырылды. Енді біреулердің өмірі, тіпті, күл-талқан болды. Алайда, мұндайда ел Үкіметі қарап қалмады, азаматтарды инфекциядан қорғау үшін және экономикалық проблемаларды жеңуге көмектесу мақсатында маңызды шешімдер қабылданды. Сөйтіп, мемлекетіміз вируспен күрес бойынша Орта Азия аймағында көш бастап тұрмыз.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аурудың алдын алу үшін және Қазақстан экономикасын қолдау үшін табанды еңбек етті. Екі жақты қолдау өз нәтижесін де көп күттірмеді. Қазақстанда COVID-19 пандемиясы әлемнің басқа елдеріндегідей геометриялық прогрессияда өсіп жатқан жоқ. Бұл әрекетті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен басқа да халықаралық сарапшылар да оң бағалады.
⠀
Неге? Өйткені Үкімет о бастан жәдел әрекет етті. Елімізде ерте кезеңнен қатаң карантин жарияланды. Қоғамдық көліктер тоқтады, мекемелердің көбі қашықтан жұмыс істеуге көшті, ал көшелер мен тұрғын үйлер жиі дезинфекцияланды. Зардап шеккен азаматтарға дер кезінде көмек көрсетілді. Міне, осы шаралар вирустың таралауын айтарлықтай тежеді.