Сыбайлас жемқорлық тиылмай тұр

Жарияланды
Бір аптаның ішінде 146 сотқа дейінгі тергеу ісі тіркелген

Төтенше жағдай мен карантин кезінде сыбайлас жемқорлық фактілер азаймай тұр. Өткен аптаның өзінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 146 сотқа дейінгі тергеу ісін  тіркеп, соның ішінде 5 лауазымды адам ұсталса, 6 адамға қатысты «күзетпен ұстау» санкциясы жүргізілген. Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық дерегі туралы хабарлаған 64 азаматқа 10 млн теңгеге жуық сыйақы төленіпті. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аса маңызды істер жөніндегі бірінші департаменттің тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлімдеді. 

Ақмола облысы 

Ақмола облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментінің басшысы  мен оның екі сыбайласына қатысты алаяқтық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастаған.
Облыстық ведомство басшысы биыл 18 мамырда екі сыбайласымен қылмыстық келісімге келіп, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыс жүргізу құқығын алуға байланысты мәселені оң шешіп беру үшін бір компанияның қаражатын заңсыз иемденді деген күдікке ілінген.
Кінәларын толық мойындағандарына байланысты, күдіктілер ұсталмаған.

Ақтөбе

Сондай-ақ, Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ басшысына қатысты қызмет бабын  асыра пайдалану күдігі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
Аталған лауазымды тұлға өзінің лауазымдық өкілеттігін пайдалана отырып, ЖШС үшін пайда мен артықшылықтар алу мақсатында, Мұғалжар ауданындағы орта мектептің құрылысы бойынша жұмыстарды мердігерлік ұйымның толық көлемде орындамағанын жете біле отырып, шарттың орындалуын қамтамасыз етуге қарсылық білдірген.
20 мамырда күдікті ҚР ҚІЖК 128-бабына сәйкес ұсталып, Ақтөбе қаласындағы уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Алматы 

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Қорғаныс Министрлігінің Әскери-техникалық мектебінің Алматы филиалы директорының орынбасары мен Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бөлім бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.Олар алдын ала сөз байласып, алдау және азаматтың сеніміне қиянат жасау арқылы аталған мектепте әскери қызметтен өтпегені туралы мәселені шешу сылтауымен 150 000 теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.
Сонымен қоса, директордың аталған орынбасары әскери қызметті өтемеу туралы мәселені шешу бойынша ұқсас іс-әрекеттер жасағаны үшін 150 000 теңге апар алған. Күдіктілер кінәсін толық мойындады, тергеу жалғасуда.

Қостанай 

Ал Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қостанай облысы әкімдігінің Экологиялық реттеу бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оған жеке кәсіпкерден қоршаған ортаны қорғау саласындағы шекті рұқсат етілген қалдық төгінділері мен есептілік нормативтерінің жобаларын келісуге өтінімдерді жедел және оң қарағаны үшін 10-50 мың теңгеге дейінгі көлемде бірнеше рет пара алды деген айып тағылып отыр.
Тергеу жалғасуда.

Алматы облысы 

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы облысы аумақтық инспекциясының «Талдықорған» көліктегі фитосанитарлық бақылау бекетінің бас маманына қатысты 2020 жылғы 4 наурыз мен 19 мамыр аралығында кәсіпкерлерден, олардың өкілдерінен және жеке тұлғалардан жүкті тексерусіз өткізу және жалпы қамқорлығы үшін «KASPI GOLD» карточка шотына аудару арқылы жүйелі негізде жалпы сомасы 73 000 теңге пара алды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

Сонымен қатар аталмыш қызмет «Еңбекшіқазақ ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ бұрынғы директорына қатысты лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.Сонымен, күдікті жеке бас пайдассы үшін ҚМУ қызметкерлеріне азаматтардың нақты қатысуынсыз оларды жұмыссыз ретінде тіркеу, сондай-ақ әрі қарай «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасында» көзделген әлеуметтік жұмыс орындарына жіберутуралы заңсыз нұсқау берген.Тергеу жалғасуда.

Жамбыл облысы 

Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шу ауданы әкімдігі бөлімдерінің бірінің басшысы мен осы бөлімнің құрылымдық бөлімшесінің директорына қатысты Шу ауданының елді мекендеріндегі су құбыры желілерін ағымдағы жөндеуге арналған 2 млн.теңге көлемсінде бюджет қаражатын жымқырды деген күдік бойынша іс бастаған. 

Сондай-ақ, Шу ауданы әкімдігінің аталған бөлім басшысы пара алды деген күдікке ілінген. 
Кінәсін толық мойындағанына және күдіктілердің қылмыстық қудалау органына келу туралы міндеттеме беруіне байланысты ұсталмаған. 

Қарағанды облысы

Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «ҚТЖ ҰК – Жүк тасымалы» АҚ – «БП Қарағанды бөлімшесі» филиалының лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Олар қызметкерлерге іссапар шығындарын негізсіз аударып отырған.

Күдіктілерге қатысты көрсетілген қылмыстық істер бойынша қаншалықты кінәлі екені соттта шешілетін болады. Айта кетейік, өткен аптада 11 сот үкімі шығарылып, түрлі деңгей мен әр саладағы мемлекеттік органдардың 12 лауазымды тұлғасы сотталды.

Сондай-ақ оқыңыз