Жеке табыс салығы қалай есептеледі

Жарияланды
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті түсіндірді

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2020 жылы жеке табыс салығын (ЖТС) есептеуде айлық есептік көрсеткіштің қай мөлшері қолданылатыны туралы түсіндірді. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.  

2020 жылдың 1 сәуірінен бастап айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты салық салынатын кірісті анықтауда оның қай мөлшерін қолдану қажеттігі жөнінде салық төлеушілерде сауалдар туындауда. 
«2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 299 Жарлығымен 2020 жылғы 1 сәуірден бастап айлық есептік көрсеткіш 2778 теңге сомасында белгіленді. 

Салық кодексімен салық шегерімдерін, сондай-ақ салық салудан босатылатын кірістерді, түзетулерді есептегенде айлық есептік көрсеткіш (АЕК) баламасына келтіріледі. 

1. Жұмыскерлердің қызметтік сапарларларына байланысты өтемақы төлемдерінен жеке тұлғаның кірісі ретінде қарастырылмайтын табыстарын анықтауда сол төлемдерді есептеу күніне қолданыста болған АЕК пайдаланылады (Салық кодексі, 319-баптың 2-тармағы 1) тармақшасы). 

2. Жарнама мақсатында өтеусіз (оның ішінде сыйға тарту түрінде) берілген тауардың құны жеке тұлғаның кірісі ретінде қарастырылмайтын табысын анықтауда тауарды беру күніндегі АЕК қолданылады (319-баптың 2-тармағы 20) тармақшасы). 

3. Бір лотерея бойынша ұтыстан түскен кірісті түзету кезінде ұтыстарды есептеу күніндегі АЕК қолданылады (341-баптың 1-тармағы 11) тармақшасы). 
 
4. Қоғамдық жұмыстарды орындауға және кәсiптік оқытуға байланысты төлемдер бойынша кірісті түзету үшін төлем жүргізу күніндегі АЕК қолданылады  (341-баптың 1-тармағы 12) тармақшасы). 
 
5. Жеке тұлғаның кірісі ретінде қарастырылмайтын: 
– қызметтiк, жұмыскерді оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы iссапарлар кезiндегі өтемақыларды (319-баптың 2-тармағы 2) тармақшасы); 
– жарнама мақсатында өтеусіз (оның ішінде сыйға тарту түрінде) берілген тауардың құнын (319-баптың 2-тармағы 40) тармақшасы); 
– дербес білім беру ұйымының шығыстары және осындай ұйымның жасайтын төлемдерін (319-баптың 2-тармағы 42) және 43) тармақшалары); 
– дербес білім беру ұйымының дайындық бөлімінде оқитын жеке тұлға алған материалдық пайдасын (319-баптың 2-тармағы 44) тармақшасы) есептеу барысында тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы АЕК қолданылады (2020 жылы – 2651 теңге). 
 
6. Кірісті түзету барысында: 
– жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын әрбір тұлғаның жеке қосалқы шаруашылығынан кірісін  (341-баптың 1-тармағы 14) тармақшасы); 
– жеке тұлға медициналық көрсетілетін қызметтерге (косметологиялықтан басқа) төленген нақты шығыстарын, баласы туылған кезде жұмыскерге материалдық көмек көрсету түріндегі төлемдерді және жерлеуге арналған төлемдерді (341-баптың 1-тармағы 18) тармақшасы); 
– жұмыс берушінің жүктілік пен босану бойынша демалысқа, жаңа туған баланы асырап алған жұмыскерлердің демалысына ақы төлеуге арналған шығыстары түріндегі кірістерді (341-баптың 1-тармағы 27) тармақшасы); 
– АЕК-тің 25 еселенген мөлшерінен аспайтын кірісіне 90 пайыздық мөлшерін (341-баптың 1-тармағы 49) тармақшасы) есеептегенде 2651 теңге мөлшеріндегі АЕК қолданылады. 
 
7. Келесі салықтық шегерімдерді есептеуде : 
1) мына адамдардың салық салынатын табыстарынан 882 еселенген АЕК мөлшеріндегі  стандартты шегерімдерін алу үшін: 
– Ұлы Отан соғысына қатысушы және оған теңестірілген адамның; 
– Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамның; 
– 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамның; 
– I, II немесе III топтардағы мүгедектің; 
– мүгедек баланың кірісінен (346-баптың 1-тармағы 2) тармақшасы); 
– мүгедек баланың ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірінің, бала кезінен мүгедектің ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірінің (346-баптың 1-тармағы 3) тармақшасы); 
2) медицинаға арналған салықтық шегерімге (348-баптың 3-тармағы) 2651 теңге мөлшеріндегі АЕК қолданылады. 
 
Еңбек иммигранты-резидентінің жұмыс жасайтын әрбір айы үшін жеке табыс салығы бойынша алдын-ала төлем 2651 теңге АЕК-тің 2 еселенген мөлшерінде есептеледі (360-баптың 2-тармағы).  

Сондай-ақ оқыңыз