Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптар бекітілді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің телеграм каналы хабарлады.
Қазіргі уақытта бұл тізімге негізінен формалды өлшемдер бойынша іріктеп алынған 177 басылым кіреді. Сондықтан қолданыстағы критерийлерді халықаралық талаптарға бейімдеу бойынша жұмыс басталды.
Нәтижесінде басылымдардың саны емес, сапасына мән беріледі, сапалы контент үшін бәсекелестік артады және халықаралық деңгейдегі ғылыми басылымдарды шығарудың кәсіби академиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Отандық журналдарды Scopus және Web of Science халықаралық базасына енгізу үшін, ғылыми журналдарға қаржылай қолдау көрсетіп, демеу беру мақсатымен конкурс жариялау жоспарлануда.