42 500 теңге ала алмаған қазақстандықтардың өтініштері қайта қарау тәртібі бекітілді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Өтініш беріледі:
Жұмыс беруші тарапынан – ШОБ, ірі кәсіпкерлік (карантин енгізілген өңірлерде), коммерциялық емес заңды тұлғалар үшін.
Өз бетінше – жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, БЖТ төлеушілер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдар.
Растайтын құжаттар тізбегі:
Қызметкерлер үшін:
жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберу туралы бұйрықтар
жұмыс берушінің ТЖ кезеңінде кірісін жоғалту фактісін растайтын құжаттар
мемлекеттік кірістер органдары қабылдаған декларация (МКК-мен салыстыру үшін, 200-нысан).
ЖК және жеке практикамен айналысатын адамдар үшін:
мемлекеттік кірістер органдары қабылдаған декларация
табыстың жоғалту фактісін растайтын құжаттар
АҚС шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдар үшін:
заңды тұлғамен жасалған жұмыстарды орындауға (қызмет көрсетуге) арналған АҚС шарты.
Ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін аудандық (қалалық) штаб «42 500 теңге» әлеуметтік төлемін тағайындауға құқығы бар/жоғы туралы қорытынды шығарады.
Өтініштер 2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін қаралатын болады.