Алматыда жиһаз шеберханасы өртенді

Жарияланды
Тағы бір көлік жанып кетті

26 мамырда 05 сағат 12 минутта Алматы қаласы ТЖ Департаментінің  пультіне Әуезов ауданы Мұстай Кәрім көшесі 1Б/3 мекен-жайының түтіндеп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.  Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері 7 минутта келді, жиһаз шеберханасының аумағында жиналып тұрған кесілген ағаштар мен «Foton Aumark» маркалы автокөлік  жанып кетті,-деп хабарлайды Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Жеке тұрғын үй секторына оңтүстік жағынан таралу қаупі болды.Өрт сөндіру техникасы мен жеке құрам шақыртудың жоғары  деңгейімен жіберілді. Өзара әрекет ету қызметтерімен бірлесіп  шұғыл түрде жедел Штаб құрылды, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс жағынан екі жауынгерлік учаске орналастырылды. ҚР ІІМ ТЖК авиациясы оқиға орнына келуге дайын болды.

                     
  Жедел қабылданған шаралардың арқасында жалпы алаңы 970 шаршы метрді құраған өрт 6 сағат 00 минутта жойылды. Тұрғын үйлерге және сантехникалық жабдықтар сататын жақын орналасқан үй-жайларға  өрттің таралу қаупін жоюға мүмкіндік туды. 

       ҚР ІІМ ТЖК авиациясына қауіп-қатердің тоқтағаны ескертілді. 
       Оқиға орнына 19 бірлік техника, жеке құрам мен өзара әрекет ету қызметтерінен 65 адам жұмылдырылды. Әуезов ауданының Полиция басқармасымен қоршау жұмыстары жүргізілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.
 

Сондай-ақ оқыңыз