Қарағанды облысында 470-тен астам нысан тексерілді
Өңірдің 19 қаласы мен аудандарында жұмысын қайта бастаған нысандарда санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларының сақталған-сақталмағанын тексеретін 55 мобильдік топ жұмысқа кірісті. Бұл туралы ҚР Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы ресми ақпарат телеграм каналы хабарлады.
Осы топтардың құрамына аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларының мамандары мен жергілікті атқарушы органдар, құқық қорғау органдарының өкілдері кірді.
Топтар жұмыс барысында 478 нысанды тексерді, олардың қатарында 127 азық-түліктік емес және 148 азық-түлік дүкендері, 22 базар, 21 дәріхана, 17 банк және 54 шаштараз және т. б. нысандар бар.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бақылаудағы 3 объектіде санитарлық талаптардың бұзылғаны анықталды. Қаулы талаптарына сәйкес аталған нысандар өз жұмысын бастамауы тиіс еді, қазіргі таңда сотқа жолдау үшін тексеру материалдары рәсімделіп жатыр.
Рейдтердің қорытындысы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануда.
Облыста рейд жұмыстары карантин режимі аяқталғанша жүргізіледі