Жаңалықтар

«Қайнар-АКБ» зауыты аккумуляторлар шығара бастады

 Бұл отандық тауар құнын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді

«Қайнар-АКБ» зауыты тепловоздарға арналған аккумуляторлар шығара бастады. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдылық даму министрлігінің телеграм каналы хабарлады.

Талдықорған қорғасынды аккумуляторлар зауыты 1975 жылы іске қосылып, жеңіл, жүк автомобильдері мен ауыл шаруашылық техникаларына арналған аккумуляторлық батареялар шығара бастады. Өндіріс ошағы КСРО-дағы сегіз аккумулятор зауытының бірі болды. Кейіннен Талдықорған қорғасынды аккумуляторлар зауыты «Қайнар-АКБ» ЖШС болып өзгертілді

«Қайнар-АКБ » компаниясы – аккумуляторлық батареялардың отандық тауар өндірушісі. Кәсіпорын «Самұрық-Қазына» холдингінің отандық тауар өндірушілерінің тізілімінде тіркелген. Сондай-ақ «Интербат» аккумуляторлық батареяларын өндірушілердің халықаралық одағына кіреді. Қазір «Қайнар-АКБ» ЖШС экономикасы дамыған және аккумуляторлық батареялардың толық өндірісі бар заманауи кәсіпорын.

Батареялардың барлық құраушылары зауытта жасалады. Яғни бөлшектер мен жинақтауыштарды құюдан бастап дайын бұйымдарды құрастырғанға дейінгі толық процесс жүргізіледі. Осылайша кәсіпорын отандық тауар құнын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.