Қазақстан мен Моңғолия Сотталған адамдарды беру туралы Шартты ратификациялау туралы грамоталармен алмасты
Жарияланды
Елдестірмек елшіден
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев пен Моңғолияның Қазақстандағы Елшісі Лувсан Баттулга 2018 жылғы 29 наурызда Қазақстанның елордасында жасалған Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы Сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы грамоталармен алмасты.
Осы Шарттың 21-бабының 1-тармағына сәйкес, ол ратификациялау грамоталарымен алмасқан күннен бастап отыз күннен кейін күшіне енеді.
Іс-шара аясында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, COVID-19 індеті төңірегіндегі ахуал тұрақталғаннан кейін бірқатар маңызды іс-шараларды өткізуге уағдаласты.