Ақтөбелік әйел “жоқ” баланы сатқысы келген 

Жарияланды
Ол қызметі үшін 780 мың теңге көлемінде ақша талап еткен

Ақтөбеде 32 жастағы тұрғын әйел бала сүйе алмай отырған отбасыға бала асырап алуға жәрдемдесу сылтауымен ақшасын алып, қашып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 32 жастағы ақтөбелік әйел бала сүйе алмай отырған отбасыға бала асырап алуға жәрдемдесу сылтауымен, сеніміне кіріп, отбасыны сан соқтырған. 
Күдікті сол қызметі үшін отбасынан 780 мың теңге көлемінде ақша талап еткен. Күдікті бұл сылтауды ойынан

құрастырған, дәлірек айтсақ, танысының жақында сәбилі болатынын және ол баласынан бас тартатынын алға тартқан. Бала туылғаннан кейін ғана бала асырау келісімін реттейтінін айтқан. Қомақты сома қолына түскен соң, түрлі сылтау айтып, кейін хабарсыз кеткен. Арбауға түскен отбасы полиция бөліміне арызданған алаяқтық фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Күдіктіден ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау қолхатымен босатылды.

Сондай-ақ оқыңыз