Елімізде тыңайтқыштарды өндіру көлемі артты

Жарияланды
Әсіресе пестицид, азот және фосфор

Қазақстанда пестицид, азот және фосфор тыңайтқыштарын өндіру көлемі артып келеді.  Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдылық даму министрлігінің телеграм каналы хабарлады.

2020 жылғы қаңтар-сәуір айларында елімізде пестицидтер өндірісі көлемі 2,2 есеге, яғни 2,3 млрд. теңгеден 5,1 млрд. теңгеге дейін, азот тыңайтқыштары 118,7 мың тоннадан 149,4 мың тоннаға дейін, фосфор тыңайтқыштары 55,6 мың тоннадан 64,2 мың тоннаға дейін артты. 

Минералдық тыңайтқыштардың негізгі өндірушісі – «Казфосфат» ЖШС. Кәсіпорынның фосфор тыңайтқыштарын өндіру бойынша орташа жылдық қуаты – 405 мың тонна. Аммофос, суперфосфат, трикальцийфосфат, сульфоаммофос, нитроаммофос, фосфогипс сияқты өнім түрлерін шығарады. «Қазфосфат» ЖШС өнімінің ішкі нарықтағы үлесі 99% асады. Ал «ҚазАзот» АҚ-ның азот тыңайтқыштарын өндіру бойынша орташа жылдық қуаты – 398,9 мың тонна. МЕМТ 2-2013 талаптарына сәйкес аммиак селитрасын шығарады.

2015-2019 жылдар кезеңінде Индустрияландыру картасы шеңберінде «Қазфосфат» ЖШС және «ҚазАзот» АҚ кәсіпорындарын жаңғырту жүргізілді. Бұл фосфор өндірісін 4 есе, азот тыңайтқыштарын шығаруды 2 есе ұлғайтуға әсер етті.
 

Сондай-ақ оқыңыз